From Wikipedia, the free encyclopedia
Қасаң қабық, кейде мөлдір қабық (cornea, лат. cornu — мүйіз) — көздің сыртқы фиброзды қабығының алдыңғы мөлдір бөлігі. Қасаң қабықта қан тамырлары болмайды. Ол сырттан ішке қарай бес қабаттан тұрады: алдыңғы көпқабатты жалпақ мүйізделмейтін эпителий, алдыңғы шекаралық жарғақ, өзіндік зат, артқы шекаралық жарғақ және артқы бірқабатты жалпақ эпителий. Алдыңғы және артқы шекаралық жарғақтар коллаген талшықтарынан құралған. Ортаңғы ең қалың өзіндік затты коллаген талшықтарының будалары мен олардың аралықтарындағы фиброциттер қатарларынан тұратын тығыз дәнекер ұлпасынан құралған.[1]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.